Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Қазақтар шетінен өсекші”. Үндіске күйеуге шыққан қазақ қызы не дейді?

333

Үндіс еркегі ажыраспауға барынша тырысады. Өйткені ажырасқан үндіс бұрынғы әйелінің отбасын өмірінің соңына дейін бағып-қағуға міндетті. Мысалы, мен үндіс жігітін білемін, оның бұрынғы әйеліне алимент төлеп жүргеніне 27 жыл болған. Ал Қазақстанда әкесі баласына ғана, онда да 18 жасқа дейін төлейді ғой. Онда да одан көбісі қашқақтайды. Ал Үндістанда да алиментті балаға да, әйелге де төлеуге міндетті. Сонымен қатар, алимент көлемін баланың анасы белгілеп береді. Ал бізде басқаша…

Бірақ бұл салттың ең жаман жағы бар. Кедей отбасы қызына қалың мал бере алмайды ғой. Сондықтан әлеуметтік жағдайы отбасылар әйел екіқабат кезде оның жынысын біліп, қыз болса аборт жасатып тастайды. Бұл – халықаралық дауға дейін ұласқан мәселе.

Одан тыс,

халық саны үлесінде Үндістанда еркек басым, үйленейін десе, қыз тапшы.

Сол секілді Үндістанда каста көп, әрқайсысының салт-дәстүрі түрлі-түрлі. Әрқайсының жүгінетін өз заңы бар. Әрқайсысы Құдайға әртүрлі жолмен құлшылық етеді. Каста тәртібі онда әлі сақталады. Көбіне үлкен кісілер, олар баласына әйелді тек өз кастасынан ғана таңдап алып береді. Ал жастар жағы дәстүрге онша мән бермейді.

Менің күйеуім жат кастасынан, олар өмір бойына жерді өңдеумен айналысқан. Сондықтан менің күйеуім де фермер болуы керек еді. Бірақ ол кәсібін өзі таңдап, елін 11 жыл бұрын тастап кеткен.

Арабтар бір мұнаймен-ақ шалқып өмір сүреді, ал жері байлыққа толы қазақтар әлі кедей

Әрине, бір мұнаймен араб елдері байып, халқының жағдайын жасап қойған. Ал Қазақстанда мұнайдан да тыс түрлі табиғи байлықтары бола тұра, халқы кедей өмір сүреді. Осы жағы ішіңді ашытады.

Арабтар патша секілді өмір сүреді, ал қазақтар болса, жарты метр жер мен басында баспана болу үшін өмір бойына еңбекке жегіледі. Араб елінде жаңадан туған сәбиді үкіметтің өзі ақшамен бөгіп тастайды, ал Қазақстанда еткен еңбегінің бір бөлігін туған баласына алу үшін қаншама құжат жинап, оны дәлелдеп тентіреп жүргені. Онда да қолға тиетіні арабтардың жанында тиын-тебен ғана.

Бір артықшылығы арабтар мұсылмандар болса да өз дінін қатты насихаттап, біреуге міндеттемейді, ал Қазақстанда намазға жығылатындар соңғы кездері қалай жүріп-тұруына дейін сөз қылатын болған ғой. Мен Алматыда жүріп, менің қалай жүріп-тұруымды дікіңдеп, нұсқаған жайттармен талай кездескенмін. Мұнда ондай жоқ. Бұл – мәдениетсіздіктің белгісі.

Мұнда сырттан келгендер көп (көбісі мигранттар), бірақ біреудің жеке өмірі ешкімді қызықтырмайды. Ал Қазақстанда мені қызғанғандар болды, кейбіреуі менімен сол үшін араласпай қойды, ал бірі шетелдікке тигенше бір қазақтың нақсүйері болған дұрыс еді ғой деп салған кезде болған.

Мұндағы адамдарды адамның бақыты емес, ел не дейді, сол қатты мазалайды. Осы менің жанымды қатты ауыртты. Біреудің өмірінен өзгенің не шатағы бар?

Мүмкін Кеңес үкіметінде барлық адам тең, бірдей болу керек деген түсініктен қалып қойған шығар. Қазір заман өзгерді, бірақ көбісі ескі түсінікпен өмір сүреді, бұл дұрыс емес.

Қазақстанға оралғым-ақ келеді, бірақ орта мені кеудемнен итереді. Біріншіден, менің өз отбасым: „Неге шетелдікке күйеуге шығасың, қазаққа тимедің бе„ деп есімді шығарады. Екіншіден, күйеуіме Қазақстаннан жұмыс табыла қоюы екіталай. Бірақ ешқашан үмітіңді үзбе деген ғой. Алдымызда бізді не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Қазақстан – менің елім, ата-анам тұратын төркінім. Бастысы осы.

365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз