Facebook әлеуметтік желісі жалған (“фейк”) жаңалықтарға қарсы күресетін инструмент дайындады. Бұл туралы компанияның мәлімдемесінде айтылды.
Енді әлеуметтік желі қолданушылары лентасында жалған жаңалық байқаса, ол жазбаның оң жақ жоғарғы секторын басу арқылы мәліметтің жалған екенін белгілей алады.
Күмән туғызатын ақпараттарды Facebook фактілер тексеретін ұйымға жолдайды. Сарапшылар мәліметтің “фейк” екенімен келіссе, онда ол жазбаға “күмәнді” деген белгі қойылады.
Компанияның жаңалықтармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Джон Хеджменнің айтуынша, әлеуметтік желі жалған ақпараттардың таралуымен күрестің маңызды екенін түсінеді, бірақ Facebook ақпараттар алмасу үшін ашық алаң болып қала береді.