Марқұмның денесінің сау-тамтығы жоқ, оның кеудесі қатты затпен сұққыланып, кесілген.
14-желтоқсанда мейрамхананың қоймасында 56 жастағы ер адамның өлі денесі табылды деп хабарлады “Мой город” порталы.
“Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департамені кримальдық полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 28 жастағы күдіктіні тұтқындады. Қазір медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр” деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес, яғни “Кісі өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.