Жамбыл облысында 25 жастағы азаматты өлтірді деп айыпталған учаскелік инспекторға бүгін сот үкім кесті. Полицияның экс-капитаны Ержан Қуанышбековтің марқұм Ерік Төреқұловты өлтіргені дәлелденіп, ол 9 жыл жаза арқалады.
Марқұмның жақындары шешіммен келіскенімен, осы қылмыстық іске қатысы бар тағы екі полицейдің әлі күнге бостандықта жүргеніне наразы. Сондықтан сотталушының сыбайластарын да түрмеге тоғытуды талап етуде. Естеріңізге салсақ, оқиға биыл шілде айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Өз үйлену тойының ертесіне туыстарымен таудағы су қоймасына шомылуға барған Ерік Төреқұлов күзетшімен жағаласып, сол жерден үш полицей оны көлікке салып күштеп әкетеді.
Қуанышбек Төреқұлов, Е.Төреқұловтың әкесі:
– Ауранбеков және Ескендіровке қатысты прокуратура тергеу амалдары жүріп жатыр деген. Бірақ оларға ешқандай жаза қолданған жоқ. Олар қызметтерінде жүр.