Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Алматының үздік ауруханасы ардагер дәрігерлеріне құрмет көрсетті

124

Қазіргі күні Медеу ауданы бойынша тіркелген 41 мың адамға қызмет көрсететін аурухананың бүгінгі дәрігер-қызметкерлері денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген ардагерлеріне құрмет-қошамет көрсетіп, сыйлықтарын тарту етті.

Атап айтқанда, Орынбай Дайырбеков, Гүлшар Ұрмұрзина, Тұрарбек Төлендиев, Сайлаубек Тәукеев, Күнім Көкімбаева, Клара Медеубаева, Гуля Мақсұтбай, Берута Зуева сияқты бар ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған білікті мамандар, бүгінгі аяулы ардагерлер шақырылған екен.

Кездесу барысында ардагер қонақтарға аурухананың бүгінгі жай-күйі жайында біраз әңгіме айтылып, осында қызмет ететін жас мамандардың жетістіктері де атап өтілді.

Меруерт Түсіпбаева

Айтпақшы, бұл аурухананың қызметін 15 жылдан астам уақыттан бері қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева да пайдаланып келеді екен. Әнші ардагерлерді ардақтау кездесуіне келіп, тіпті бір-екі ән шырқап берді.

Айта кетсек, Алматы қаласының №5 Қалалық клиникалық ауруханасы өз қызметін 1933 жылы бастаған. Өткен 80 жылда аурухана талай-талай өзгеріп, жетілдіріліп жатты, бірақ бір өзгермегені – құзіреттілік, жауапкершілік, әр емделушіге деген жеке көзқарас, медициналық қызметтердің жоғарғы сапасы.

№5 Қалалық клиникалық аурухана Алматы қ. Медеу ауданында орналасқан. Мекеменің құрамына стационар және емхана мен әйелдерге кеңес беру орны кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз