Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жедел цифрландыру керек! Онсыз экономикада өсім болмайды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен The Boston Consulting Group “Қазақстанның макроэкономикалық келешегі және цифрландырудағы инвестицияның жаңа көкжиектері» атты бірлескен зерртеуін жария етті. Зерттеу мәліметтері бойынша ел экономикасы, жалпы алғанда, тұрақты даму үстінде, бірақ цифрландырудың қарқынын арттырмай негізгі салаларда, мәселен, өнеркәсіптік өндіріс, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, көлік саласында өсім болуы мүмкін емес.

Есепке сәйкес, Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мынадай: Қазақстандағы ІЖӨ өсімі 2016 жылы 0,5пайыз-1,0 пайыз деңгейінде болады деп күтіліп отыр, 2017 жылы ІЖӨ өсімі жеделдеп, 2  пайызға дейін жетуі мүмкін; инфляция 2016 жылы орта деңгейде 13-14 пайыз болады, ал 2017 жылы 6-8 пайызға төмендейді деп күтілуде. АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбастау бағамы 2016 жылы 350-355 теңге болса, 2017 Қазақстан ұлттық валютасының біршама нығаюы арқасында 345-350 деңгейінде болады деп күтілуде.

“Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі, ал ТМД бойынша Ресейден кейінгі екінші мемлекет, оның өркендеу қабілеті аса жоғары.  ІЖӨ өсімі, 2010-2015 жылдары орташа есеппен алғанда 5,2 пайызды құрап, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі алғашында көрші елдермен бірдей болса да, 2015 жылы Қазақстанның жан басына шаққандағы ІЖӨ 10,508 АҚШ долларына теңелді және бұл жағынан Ресейден озық тұр (9,057 АҚШ доллары). ТМД бойынша Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ бойынша Өзбекстаннан 5 есе, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 10 есе және Түркіменстаннан 2 есе артық. Бұл жерде өңірге салынатын инвестициялар үшін ең қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып халықаралық рейтинг агенттіктерінің инвестициялық біліктілік рейтингтерін алды. Тәуелсіздік жылдары ел экономикасына 232 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылған», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және қоржындық активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал.

Цифрландыру саласында Қазақстан алға жылжып келеді: цифрлық экономикаға тартылу деңгейі тұрғысынан Қазақстан Ресей, БАӘ, Аргентина мен Чили сияқты елдермен қатар деңгейде және индексі 0,72 (БҰҰ мен BCG-тың 2016 жылғы мәліметі), әлемдік орта көрсеткіштен (0,49) жоғары тұр. Сондай-ақ, BCG e-intensity рейтингінің мәліметі бойынша, қазақстандық компаниялар арасында кең жолақты интернетке кіру көрсеткіші 45 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жағынан Қазақстан БАӘ (53 пайыз) және Малайзиямен (38 пайыз) теңдес. Цифрландырудың өнеркәсіптік өндіріс, халық шаруашылығы, көлік, бөлшек сауда салаларына ықпалы орасан, бірақ Қазақстан бұл салаларда әзірге әлемдік орта деңгейге жеткен жоқ. Мысалы, Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірісті автоматтандыруға жұмсалып отырған шығын ІЖӨ-нің 0,07-0,09 пайызын ғана құрайды, бұл әлемдік орташа деңгейден (0,18 пайыз), 2,3-3 есеге аз, ал Солтүстік және Оңтүстік Америкадан 4-5 есеге аз. Онлайн-сауда нарығы тіпті мардымсыз, 2015 жылғы бөлшек сауда нарығының 0,8 пайызын ғана құрайды.

“Қазақстан экономикасын одан әрі цифрландыру көптеген салалардың дамуы үшін негізгі фактор болып табылады, – дейді Сергей Перапечка, The Boston Consulting Group бас директоры және әріптесі – Бүгінгі таңда Қазақстанның цифрлық экономикасы БРИКС елдерінің деңгейінде өсіп келеді, бірақ бұл жеткіліксіз, экономикаға артықшылық беретіндей серпілістер керек. Мысалы, электронды коммерцияның дамуы шағын және орта бизнес үшін жаңа арналар ашады, сондай-ақ, «сұр» экономиканың көлемін барынша азайтады. Қазіргі кезде электронды коммерцияның Қазақстандағы үлесі 0,5 пайыз, Ресейде 3 пайыз, Қытайда 8,3 пайыз. Қазақстандық электронды нарық бөлшек сауда ресейлік нарықтың қарқынымен өсетін болса, 2020 жылға қарай оның көлемі 750-800 млн. доллар болады еген сенімдеміз. Өзге салаларға келетін болсақ, өнеркәсіптік өндірістегі әңгіме қолданыстағы өндірістік алаңдарды автоматтандырып, мұнай-газ, тау-кен индустриясында, энергетикада 3D-баспа технологиясын қолдануға қатысты болмақ. Қазір елдегі ІЖӨ-нің 25 пайызын құрайтын өнеркәсіптік өндірістегі автоматтандыру деңгейі лайықты деңгейде емес: компаниялардың 20 пайызында компьютер жоқ, 24 пайызы Интернетке шыға алмайды».

Ауыл шаруашылығында дамуды «нақты жер өңдеу» деп аталатын технологиялар қамтамасыз ете алады, олар нақты мәліметтер арқылы тыңайтқыштар мен химикаттарды сауатты пайдалануға мүмкіндік береді. 2015 жылы ауыл шаруашылық компанияларының 33 пайызында ғана компьютерлер болғанын және оның 27 пайызы ғана интернетке шығуға мүмкіндігі болғанын ескерсек,  бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де орасан екенін көреміз.

Көлік саласында цифрландыру билеттерді брондау, мобильді қосымшалар арқылы пошта жіберу, сұраныс пен жоспарлау үдерістерін автоматтандыру, құрал-жабдықты қажетке жаратудың сараптамалық шешімдерін жасау және т.б. көптеген мәселелерді шешер еді. Бұл цифрлық технологиялардың көмегімен жұмысты оңтайландырудың жекелеген мысалдары ғана.

«Цифрлық серпіліс» стратегияның ең маңызды элементтерінің біріне айналды, енді онсыз бірде бір компания жұмыс істеп, дами алмайды, – деп жалғастырды Сергей Перапечка. – Бұл туралы бүгін ойланған компаниялар болашақта сөзсіз ұтады, қысқа мерзімді уақытта. Бұл тақырып стратегиялық инвесторлар үшін де басымдық болуы тиіс».

Зерттеудің өзге негізгі тұжырымдары:

  • Қазақстанның ІЖӨ өсуіне «Нұрлы жол» бағдарламасы мен дағдарысқа қарсы күрес жоспарына сәйкес жасалған экономикалық ынталандыру шаралары да оң ықпалын тигізеді. 2017 жылы ІЖӨ 2,0 пайызға дейін өседі деп күтілуде, бұл төменгі база әсеріне, мұнайдың әлемдік бағасының қалыпқа түсуіне және мұнай өңдеу көлемінің артуына байланысты мүмкін болмақ.

  • 2016 жылғы наурыздан бастап теңгенің тұрақталғаны байқалды, бұған отандық және әлемдік экономикадағы оң трендтер себеп болып отыр.

  • Қазақстанның жетекші сауда серіктестері арасындағы өсу деңгейі әр түрлі, мұның өзі Қазақстанның экспорттық саласына теріс әсер етуі мүмкін. Еуропалық экономиканың қалпына келу үдерісі созылып барады, 2016-2017 жылдардағы 1,6 пайыз өсімге қол жеткізуге ақша-несиелік саясатындағы белсенді шаралар да, салықтық-бюджеттік саясатқа бейімдетілген мұнай бағасының төмендігі де көмектесе алмай отыр.  Ресейде 2016 жылы ІЖӨ-нің одан әрі  1,0 пайызға төмендеп, 2017 жылы ІЖӨ 1,1-1,2 пайыз деңгейіне жетеді деген болжам бар. Бұл уақытта Қытайда да ІЖӨ өсуі баяулауы мүмкін және орта мерзімді келешекте, экономиканы тұрақтандырып, ақша-несиелік саясатына қатысты реформаларды либералдық жолмен жүзеге асырған жағдайда 6,2 пайыздан 6.5 пайызға дейін жетуі мүмкін.

  • Қазақстан экономикасы табиғи ресурстар мен өндіруші салаларға тәуелді, осы ретте ғаламдық экономикалық және салалық динамикадағы үнемі өзгерістер ел алдында тұрған бәсекеге қабілеттілікті сақтау міндетін қиындата түсті. Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеп, өз күшін экономиканы әртараптандыру шеңберінде өсімнің жаңа бағыттары бойынша сынап көруге, сонымен қатар алдағы ІЖӨ көтеру жолында жеке секторларда жоғары құнды қалыптастыруға  уақыт келді.

  • Цифрландыру Қазақстанның негізгі шаруашылық түрінде – шикізаттық секторда қосымша құнды қалыптастыру үшін тиімді, бұған қоса ол өзге салаларда (өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік секторы, бөлшек сауда) әртараптандыруға, әрі кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.

  • BCG жасаған e-Intensity Index индексіне сәйкес Қазақстан Aspirants тобында, яғни цифрлық тұрғыда дамушы елдер қатарында қалады. Жалпы жағдайдың жақсарғанына қарамастан, Қазақстанның осы рейтингтегі орны өзгермейді (ол 50-52 орында тұр), мұның өзі осы саладағы өсу мүмкіндіктерінің әлі де зор екенін көрсетеді.

BCG e-Intensity Index индексі (2015 жыл)

 Интернетті қолдану белсенділігінің индексі, 2015 ж.

Жан басына шаққанда 2014 ж. ІЖӨ (мың АҚШ доллары) Ақпарат көзі: BCG сараптамасы

The Boston Consulting Group компаниясы туралы

The Boston Consulting Group (BCG) — басқару консалтингі бойынша маманданған халықаралық компания,  бизнес стратегиясы бойынша жетекші кеңесшілердің бірі. Біздің серіктестердің ішінде әлемнің барлық аймағындағы жеке, мемлекеттік, коммерциялық емес сектордағы ұйымдар бар. Біз бірігіп, ең озық құнды қалыптастыру мүмкіндігін табу, ең маңызды мәселелерді шешу жолдарын оңтайландыру және бизнесті жаңарту үшін жұмыс істейміз. Біз әркіммен жеке жұмыс істейміз және компаниялар мен нарықтағы дамуға терең талдау жасап, тұтынушы компанияның барлық деңгейінде тығыз байланыс орната аламыз. Мұндай ұстаным біздің тұтынушыларға бәсекелестік жағдайындағы тұрақты артықшылық, ұйымдастырудағы тиімділік және ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз етеді. 1963 жылы құрылған BCG компаниясы бүгінде 48 елде 85 кеңсесі бар жаһандық желіге ие.

Қосымша ақпараттарды www.bcg.com. сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – бірегей акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды және коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг, оның миссиясы Қазақстан Республикасының әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы модернизациялау болып табылады. «Самұрық-Қазына» қоры өз қызметін қоржын компанияларды тиімді басқару арқылы жүзеге асырады – олардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және тұрақты дамыту, сондай-ақ, ұлттық экономиканың басым секторларының дамуы үшін каталитикалық инвестициялар салу. Қор активтерінің құны $61,5 млрд құрайды. Қазақстандағы инвестициялардың ширегіне жуығы Қор тобы компанияларының үлесінде. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына мұнай-газ және көліктік-логистикалық секторлар, химия мен атом өнеркәсібі, тау-кен, металлургиялық кешен, энергетика, машина жасау мен жылжымайтын мүлік секторлары кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз