Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Астанадан шығатын барлық бағыттың жолдары ашылды

5-желтоқсанда, яғни бүгін Астанадан шығатын жолдардың барлығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы тасжолдардың ашылғандығын хабарлайды», – делінген Smart Astana қосымшасында таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 желтоқсан күні сағат 14:14-тен бастап, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды тас жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін, 16:40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын.

Айта кетерлігі, Ақмола облысы – 4 желтоқсан сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) Астана-Петропавл жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

4-желтоқсан сағат 17:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы (22-205 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

4-желтоқсан сағат 18:00-ден ауа райының нашарлауына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) орай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 917856 шақырым (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысымен шекара) аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

4-желтоқсан сағат 22:45-тен бастап ауа райының бұзылуынан (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолы (917-1006 шақырым аралығы, Жақсы кенті-Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзулық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Астана-Қорғалжын» (16-169 шақырым), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырым), «Екатеринбор-Алматы» (1280-1353 шақырым) тас жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысы 4-желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды.

4-желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық.

4-желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді.

Қарағанды облысы – 4-желтоқсан 15:35-тен бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Екатеринбор» (1051-1142 шақырым аралығы Теміртау қаласы-Ақмола облысымен шекара) күре жолы қоғамдық және жүк көліктеріне жабылды.

4-желтоқсан сағат 21:30-дан бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне орай автокөліктің барлық түріне «Жезқазған-Петропавл» жолының (22-252 шақырым аралығы, Сәтбаев қаласы-Қостанай облысымен шекара) учаскесіне шығуға тыйым салынды.

Павлодар облысы – 4-желтоқсан 17:00-ден бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз