Петербург қалалық сотында 2013 жылы 12 шілдеде Орталық Азия тұрғындарына бірнеше мәрте шабуыл жасаған 19 жасөспірімнің ісіне қатысты сот тыңдаулары басталды. Шабуылдардан бір кісі қаза тапқан. Көп акцияларының бірін олар “Ақ вагон” деп атаған – жастар метродағы вагондарға баса-көктеп кіріп, “славян еместердің” барлығын соққыға жыққан.
Журналистік зерттеулер агенттігі директорының орынбасары Евгений Вышенков сот процесінің жабық өтуін дұрыс емес деп есептейді: қала тұрғындары мен қонақтар бейбіт өмірде соққыға жығылатын болса, онда олар осындай әрекетке барған жастардың сотта қалай отырғанын көруге құқылы.
19 күдіктінің 14-і қылмыс жасаған кезде кәмелет жасқа толмаған, сол себепті судья процесті жабық өткізуге шешім қабылдады.