Қазақстан – Ресей шекарасында қара металды ірі көлемде өткізбек болғандардың жолы кесілді.
Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар 36 тонна қара металды тиеп келе жатқан екі жүк машинасын ұстады деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Сол секілді Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары тіркемесі бар «МАЗ» жүк көлігімен 17 тонна металды өткізуге тырысқан 50 жастағы қазақстандықты ұстады.
Ұсталғандардың барлығы Қазақстаннан көршілес Ресей еліне қарай жол тартып барады екен. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.