Алматыдағы балалар үйіндегі өрттен 161 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы Бағанашыл шағын ауданының Сырғабеков көшесіндегі балалар үйінен өрт шықты.
«21-қарашада 23:16 уақытында өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнына жеткенге дейін онда ғимараттың 2-ші қабаты өртеніп, енді жалын 3-ші қабатты және шатырды шарпи бастаған. Өртті сөндіру барысында 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 4 бала 103 жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болды»,-деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.