60 жасында американдық танымал әнші Шэрон Джонс өмірден өтті деп хабарлайды,Today.kz. Ол ұйқы безінде пайда болған қатерлі ісіктен Нью-Йоркте көз жұмған.
Әншіге қатерлі аурудың екінші кезеңін 2013 жылы анықтаған болатын.
Шэрон Джонс Sharon Jones & The Dap-Kings джаз-бэндінің негізін қалаушы. Ол 2014 жылы “Грэмми” сыйлығына алғаш рет ұсынылған болатын.