Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Жыл басында күшіне енген заң бойынша ауылшаруашылығы кооперативтері іске кірісіп кетті

111

Бұл жоғарыда айтылғандай, бұ­рынғы Бұлдырты совхозы­ның бір бөлімшесі екен. Шағын ауыл­­­да 56 түтін бар болып шықты. Яғни, бұл мұнда сон­­­шама отбасы тұрады деген сөз. Оның әрқайсысы азды-көп­ті мал ұстайтыны айтпаса да бел­гілі емес пе? Өз­де­рі өсірген мал мен оның өнім­­­де­рін қайда өткізерін біл­ме­ген әрі жұмыртқадан жүн қыр­қып, әле­кедей жалаңдаған ком­мер­сант­­тарға жем бола берген ауыл тұ­р­ғындары өзара бірігіп коопера­тив құруды ұйғарыпты. Оған өздерінің орталарынан еті тірі, шаруаның ыңғайы мен жөн-жо­сығын жақсы білетін бір адамды төраға етіп сайлапты.

Ендігі жер­де сауалды не істеу керек деп емес, кішкентай ауылда құрылған ко­оперативтің ерекшелігі неде, бұл ауыл тұрғындары үшін нен­дей­ тиімділік әкеле алады деп қой­­ғанымыз жөн шығар. Сұрақ өз иесіне солай қойылды да. Бұл сауалға қайтарылған жа­уап­­­­тың түп-төркінін «Көгеріс» ауыл­­­ша­руашылық өндірістік ко­опе­ративінің төрағасы Боран­бай Сарбөпеев төмендегіше түй­ін­деп берді.

Облыс орталығынан шалғай жат­қан ауыл тұрғындарының не­­гізгі күнкөріс көзі мал ғой. Әй­тсе де жерлестеріміз бұдан ай­та қаларлықтай пайда тауып жарыт­пай­тынын көзіміз көріп жүр­ді. Өзім де солардың бірі емес­пін бе? Сөйтіп жүргенде бір күні республикамызда қа­был­­данған «Ауылдық тұтыну ко­оперативтері туралы» заң қо­лыма түсе қалғаны. Мұнда көр­сетілген талаптар ойымнан шыққан соң кооперативке бірік­сек қайтеді деген ішкі ойым мен ұсыныс-пікірімді ауылдастар­ы­ма жеткіздім. Олардың де­ні­ не­гізі­нен мені қолдады. Сөй­тіп ара­да көп уақыт өтпей осы ойы­м­ызды іске асырып Әділет де­партаментінде заңды тұлға, заң­ды түрдегі кооператив ре­тін­де тіркеуден өттік.

Жеке ау­ла­лардағы мал басын біріктіріп, оны асылдандыру мә­селесін ой­ластыра бастадық. Бұл үшін атал­ған заң аясында мемлекеттен берілетін өтемақы біз үшін үлкен көмек болды. Ал 2015 жылдың 29 қазаны күні республикамызда «Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері туралы» заң шыққаннан кейін мұның алдындағы тұтыну коопе­ра­тивтері туралы заң күшін жойып, соңғы заңға орын берді.

Кооператив төрағасының әңгі­месінен тағы бір көңілге түй­геніміз, олар бірінші кезекте заң­да көрсетілген мүмкіндіктерді пайдаланып, рыноктық баға бо­йын­ша әрқайсысы 354 мың тең­геден он бас асыл тұқымды ата­лық мал – бұқа сатып алып­ты. Осы қаражаттың елу пайыз­дық мөлшері мемлекеттің де­меу ­­қар­жысы есебінен кейін қай­та­рылып берілген. Сонымен бір­­ге, се­лекциялық-асылдандыру жұ­­мыстарын жүргізу бары­сында ірі қараның әр бас ана­лық малына 18 мың теңге та­ғы да төленген. Бүгінгі күні «Көгеріс» ауылшаруашылық өнді­рістік кооперативіне 300 бас сиыр біріктірілген. Оның әрқай­сы­­сына төленетін 18 мың теңге көлеміндегі сома тұрғындар ие­­лігіндегі аналық ірі қараның тұр­қы мен генетикалық қорын жақ­сарту және оны біртіндеп асыл тұқымға айналдыру үшін бөлін­ген. Сонда кооперативтің мемлекет­тен алған көмек қар­жы­сының жалпы мөлшері 5 миллион 400 мың теңге құрағанын есептеп шығару қиынға соқпайды.

Асыл тұқымды мал өсі­ру­дің тиімділігін, ол жай мал­ға қа­ра­ғанда үш-төрт есе өнімді еке­нін Елбасымыз да үнемі айтып келеді. Осы тұр­ғыда «Көгеріс» ауылы­н­дағы қа­ра­пайым тұрғындардың бастама­сы еліміздің әр қиырынан қолдау та­уып жатса, бұдан тек ұтар еді демекпіз. Бұған дейінгі ма­те­риалымыздың бірінде ауыл тұр­ғындарының малдары жиі ұр­ланып, қолды болатындығы жө­нін­де жазған едік. Кооператив мү­ше­лері бұл мәселеге де алаң­да­майды. Өйткені олар ортақ қа­ражаттың есебінен бақташы ұс­тай­ды. Малдың жем-шөбі мен суы жөніндегі жәйттерді де жөн­ге қоя алады.

Сырым ауданында құ­ры­лған өндірістік кооператив мү­­шелері келесі кезекте лизин­г­ке жаңа техникалар алуды ұйғарған. Сонымен бірге, олар өз ауылдарының мәде­ни-тұр­мыстық деңгейін одан әрі кө­­те­ру мәселесіне де белсенді түр­­­де араласып жүргені сүйсін­дір­­мей қоймайды. Соның бір айқын айғағы бюджеттен бір тиын қаражат алмай, өз күш-қара­жаттары мен асарлату арқы­лы сыңғырлаған жаңа клуб ғимаратын салып алғаны. Коопе­­ра­тив мүше­ле­рімен кездесу бары­сында біз олар­дың бұл іс­тің тиімділігіне, оның әр отбасы үшін материалдық тұрғыдан өте пайдалы екеніне көз жеткізіп үлгер­гендеріне куә болдық. Енді алдағы уақытта олар он-он бес бастан тұратын шағын мал бор­дақылау алаңдарын салуды ойлас­тырып отыр екен.

Осы материалды әзірлеу ба­­­ры­сында ұққанымыз мал өнім­де­рін өндіру мен өңдеу және оны өткізу ісінде де кооператив мү­ше­лері қиындық көрмейді десе болады. Бұл мәселе облыс орта­лығындағы ет және сүт өнім­­де­рін өндіретін «Жайық ет», «Бе­реке» және «Каверин» секілді ірі өңдеуші ауылшаруашылық құ­ры­лымдарымен бірлескен іс-қимыл таныту, бұл үшін екі жақ­­ты өзара тиімді келісімшарт­тар жасау арқылы шешімін тап­пақ. Ал ауылшаруашылық ко­опе­ративінен түскен пайда оның мүшелерінің ортақ іске қа­тысу үлесіне қарай бөлінбек. Тиіс­ті міндетті орындаған жағ­дайда кооператив мүшелері қар­жының белгілі бір бөлігін өз қалауларына қарай жұмсай алады екен.

Дәл осы тұста жалқыдан жал­­пы­­ға көшудің де реті келіп тұр­ғандай. Осы орайда «Ауыл ша­руа­шылығы өндірістік коопе­ра­­тивтері туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңы биылғы 2016 жыл­дың 1 қаңтарында күшіне енгенін айтқан жөн. Ендеше тұ­та­стай алғанда, бұл тұрғыда Орал өңірінде нақты нендей іс-ша­ра­лар кешені қолға алынған деген сауал туады. Біз оны Батыс Қа­зақстан облысының ауыл ша­руа­­­шылығы басқармасының бас­шысы Марат Оңғарбековке қой­ған едік. Ол бізге өңірде бүгін­гі материалымыздың басты желі­сін құраған Сырым ауданындағы «Көгеріс» ауылшаруашылық өнді­ріс­тік кооперативі үлгісіндегі 114 кооператив құрылғанын айтып берді. Бұлардың аяқтарынан тік тұрып кетуі үшін бюджет қаражаты есебінен 244 миллион теңге көлемінде демеуқаржы тө­лен­ген.

Бұл аз ба, көп пе? Ауылдағы қа­­ра­­пайым тұрғындарды қол­дау­ға бағытталған осынау қара­жат мөлшері алғашқы қар­лы­ғаш-қадам үшін қанағат тұтуға әбден болады деген ойдамыз. Осындайда ойдан ой туады. Әрі бұл ой елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін кім­дер өндіреді деген сауалдар төңі­ре­гінен туындайды. Осы орай­да Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің ресми сайтында жинақталған деректерге көз сал­сақ, аталған істе шаруа қожа­лық­тары мен ірі агрофирмалар жалпы ауылшаруашылық өнім­­дерінің 30 пайызға жуы­ғын өндіретінін көреміз. Мұнда ауыл­­шаруашылық кәсіп­орын­дар­ы­ның үлесі 20 пайызға тең. Ал қалған 50 пайыздан астам үлес ел ішіндегі жеке аулалар мен шаруашылықтардың үлесіне тие­ді екен.

Талас жоқ, бұл өте ауқымды үлес. Үлкен мүмкіндік. Мұндай жағ­дайда ауылшаруашылық коопе­ративінің келешегі зор бол­­мақ. Ендеше, тиісті заңға сәй­кес кооператив құрған ауыл тұрғындарына бөлінетін де­меу­қаржының мөлшері де уақыт өт­­кен сайын арта түсетініне кү­мән кел­тіруге болмайды. Бүгінгі мақ­сат мемлекет тарапы­нан жаса­лып отырған осы мүмкіндік пен қам­қорлықты қарапайым ауыл тұр­ғындарының қалт жі­бер­мей пайдалана білуін­де. Бұл екіншіден, ел-жұрттың ауыз­бір­шілігін қам­тамасыз ету­дің таптырмас жолы да. Яғни, асыл тұқымды мал ұстау үшін рес­ми мәртебе алу – мемлекеттік қол­дауға ие болу деген ұғым болып шығады.

Сондай-ақ, мемлекеттік өн­ді­­­­рістік кооперативтерге­ ауыл­ша­­руашылық техни­ка­­ла­рын алуға, модульды сүт қа­был­дау қосындарын құ­ру­ға да қар­жы­лай қолдау көр­се­теді. Тіпті, ко­опе­ративтің м­ү­ше­лері өзге мем­лекеттік бағ­дар­ла­ма­лар шең­берінде несие­лер алып, оны
са­ла­лық клас­тер құ­руға жұмсай ала­ды. Коопе­ра­тивтердің құрылуы – бірігудің тиім­ді тәсілі. Осы ар­қылы ауыл­шаруашылық өнімі
кө­лемін өсі­ріп қана қоймай, оның са­пасын кө­теруге де болады, деді газет тіл­шісіне есімі Орал өңіріне та­­нымал ғалым, Жәңгір хан атын­да­ғы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің де­каны, ауыл­шаруашылық ғы­лым­дарының док­торы Едіге Насамбаев. Жаңа заң­да ауылшаруашылық коопе­ра­­тивінің бірнеше түрін құру қарас­ты­ры­л­ған. Бұл оның өндірістік, жаб­дықтау және өңдеу секілді түр­лері болып табылады. Өз атауы­нан көрініп тұрғандай, оның әрқай­сысының атқаратын өз функ­циялары бар.

Мамандар мен сарап­та­ма­шы­лардың пікірінше, ауыл­ша­руа­шылық кооперативі өнді­ріс­ті басқарудың мүлдем тың, то­сын тәсілі. Оның мүшесі бо­­луға ниет білдірген ауыл тұр­ғыны пайлық жарна ретінде ма­лын, сонымен бірге жылжи­тын және жылжымайтын мүлік­те­рін белгілі бір мерзімге коопе­ративтің еншісіне ауыстырады. Бұл жөнінде арнайы акт жаса­лады. Солай бола тұрса да кооператив мүшелері сонымен бір мезгілде өзінің заңдық және экономикалық дербестігін сақтап қалады. Яғни, жер мен ауылшаруашылық техникасының иесі болып қала береді.

Шаруашылықты жүргізудің коопе­ративтік үлесіне тән ерек­­­­­­шеліктің бірі –өнім мен жаб­­­­­дықтаудың тұрақтылығы. Тасы­­малға жұмсалатын жалпы шы­­ғ­ын­дардың үнемді болуы. Өнім­­ділігі жоғары құрал-жаб­дық­тар салып алынуы, коопе­ративтің әрбір мүшесінің құ­қығы толық сақталуы. Ұсақ-түйек­­тік, тауарларды өткізудің тар өрістілігі ауылшаруашылық кооперативіне жат. Керісінше, оларға өндірілетін өнімдерді үлкен партиямен жөнелту үрдісі тән. Осы арқылы айналым қара­жа­тының көлемін одан әрі өсіре беруге болады. Бұл өз кезе­гін­де кооператив мүшелеріне жа­ңа техникалар мен қосымша асыл тұқымды малдарды сатып алу­ға және қажетті мал азығын жа­сақтауға мүмкіндік береді деп мәлімдейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз