“Ата Мекен” фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев президент Алмазбек Атамбаевтан “Альфа Телеком” ЖАҚ төңірегіндегі жанжалға қатысты жауап алуға шақырды. Бұл ұсынысын ол 16 қарашадағы парламент отырысында айтты.
Текебаевтың мәлімдеуінше, Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде компания акцияларының 51 пайызы жекешелендірілмейді деп уәде берген. Депутат 2010 жылдан кейін жарық көрген мақалаларға сүйенді.
Еске салсақ, 14 қарашада Сегізбаев президент Атамбаевқа Белиз елінің ресми органдарынан сенімгерлік құжаттарын (апостиль) алдырғанын жеткізді. Жогорку Кенештің үш депутаты 2012 жылы сәуірде жекешелендірілмеген “Альфа Телеком” ЖАҚ акцияларының жарымын сатудан 50 млн доллар пайда табуы мүмкін деп хабарланды.
Президент аппараты таратқан құжаттардың суреттерінде “Ата Мекен” фракциясының үш депутатының есімдері аталады – Омурбек Текебаев, Алмамбет Шыкмаматов және Аида Салянова.