Өз медальдерінен ауыр атлеттер Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая және грек-рим палуаны Әсет Мәмбетов (Бейжіңдегі 2008 жылғы ойындардың жүлдегерлері) медальдарынан айырылды.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне 2008 және 2012 жылдары өткен Ойындарда допинг қолданды деген екі жүлдегерді медальдарынан айыру туралы ескерту қағазын жіберді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіп жөніндегі комиссиясының шешіміне сай, “А” және “В” сынамаларының қосымша зерттеу нәтижесіне байланысты, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 63 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған ауыр атлет Ирина Некрасованың күміс жүлдесі, 75 келі салмақта қола жүлде алған тағы бір ауыр атлетіміз — Мария Грабовецкаяның қола жүлдесі және грек-рим күресі бойынша Әсет Мәмбетовтің қола жүлдесі жойылып, медальдары кері қайтарылатын болды.