Ағымдағы жылға республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуді Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-і мерзімінен бұрын 100 пайыз көлемде аяқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Егемен Қазақстан хабарлады.
Сондай ақ, мемлекет бюджетінің 5,4 млрд.теңгесі үнемделді. Бірыңғай дистрибютердің 7 жылдық қызметі барысында жалпы үнем — 41,9 млрд. теңгені құрады.
«СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90 пайыз бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.
Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.