Әнші Ерке Есмахан бұрынғы күйеуі Асхат Садырбай өзін қатты өзгерткенін айтты.
Ол бұл туралы „Хабар„ арнасындағы „Компромат„ бағдарламасында мәлім етті.
– Мүмкін ұлым ол сұқбатты көріп, сұрақты маған емес, әкесіне қоятын шығар…
Негізі, мен баламды ойлағандықтан да көп нәрсені жасырып қалдым. Ол жер айтылған нәрсе жәй шет жағасы ғана ғой.
Онда да қара күйенің барлығы маған жағылды. Әр пенде өзін қорғауы керек қой: өтіріктен, жаладан дегендей. Сондықтан бұл менің заңды реакциям. Мен өзімді қорғадым.
Ол жерде ол кісінің еңсесін түсіретіндей ештеңе айтқаным жоқ.
Ол кісінің жасаған қылықтарын, істеген істерін ғана айттым. Шындықты айттым. Ол кісі өтірік айтты не болмаса ертең ұлы өсіп, алдына барғанда одан жалтарса мұны ол кісінің өз арына қалдырдым…
Мен ол кезде (тұрмыстағы кезі) кішкентай едім. Қазір мен өзгердім. Қазір мен мүлде басқа Ерке Есмаханмын. Сынақ адам баласын өзгертеді, – деді әнші.
Сондай-ақ ерке ару әңгімесі барысында ұлының бүгіндері өзінің әке-шешісінің қолында Ақтөбеде тұрып жатқанын, оны әкесі жаққа мүлде жібермейтінін де айтты.