Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-19
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: “Тек қана қазақ жігітіне тиіңдер”

111

“Хуссадан үш ұлым бар” 

Студенттік шақта қазіргі жолдасым Хуссаммен таныстым. Содан екеуміздің таныстығымыз махаббатқа ұласып, көп ұзамай, шаңырақ көтердік. Міне, биыл жетінші жылдан асты, Сирия елінде, Дамаск қаласында тұрып жатырмыз. Аллаға шүкір, үш ұл тәрби­е­леп отырмыз. Үлкенім Ахмадтың жасы 18-де, екіншіміз Мухаммад 13-те, кенжетайымыз Яхия 6 жаста.

siriya„Ата-анам қарсылық білдірген жоқ” 

“Ешқандай қарсылық білдірмеді. Хуссам ең алдымен әкеммен Алматыда танысты. Екеуі біраз әңгімелесті, мен ұнатқан жігіттің қандай адам екенін жан-жақты білді. Содан кейін барып Хуссам Түлкібасқа құда түсіп барды. Осылайша, біз шаңырақ көтердік”.

“Сирия? Бұл жерде араб ұлтының тамақтарын пісіре алмаған әйелдерді онша сыйламайды”

Сирия жылдың төрт мезгілінде де көкөніспен қамтамасыз етілген, халқы жеңіл өнеркәсіппен айналысатын, орта және жоғары білімі тегін, медицина сапасы да аса жоғары деңгейдегі ел еді. Әттең, соңғы жылдары болып жатқан соғыс айтарлықтай кері әсерін тигізді. Дегенмен біз тұратын Дамаск қаласында қазір тыныш.

Анау айт­қандай, соғыс апатын көрген жоқ. Дамаск қаласы ашық аспан астындағы мұражай сияқты. Бұл жерде Бейбарыс сұлтанның, әл-Фараби бабамыздың, Мұхаммед пайғамбарымыздың балаларының, оның сахабаларының кесенелері бар.

Сирия соғысқа дейін бағалары ең арзан мемлекеттердің қатарында бол­ған. Мұнайдың бағасы да едәуір төмен бол­ғандықтан көрші Ливан, Иордания елінің азаматтары бензин, тамақ, киім-кешек алып кетуші еді. Ал қазір өндіріс ошақтары тоқтаған. Барлық зат он есеге дейін қымбаттады.

 Бірақ халқы өте еңбекқор, соғыс болып жатқанына қарамастан, өзге елдің адамдары сияқты өмір сүруге талпынып жатыр. Мектеп, аурухана сияқты мемлекетке қарасты мекемелерде жалақы уақтылы төленеді. Тіпті, жаудың қолына өткен жерлердегі аурухана қызметкер­леріне де айлық берілуде.

Халқы жөнінде айтар болсам, қыздардың бәрі орамал тартады, дінді қатты ұстанады. Мұнда отбасындағы көп мәселені әйелдер шешеді. Әйелдерге еркіндік берілген. Бұл жерде араб ұлтының тамақтарын пісіре алмаған әйелдерді онша сыйламайды. Алғаш көшіп келгенде, екі жыл енеміздің қолында тұрдық. Сонда жүріп, енемнен көп нәрсе үйреніп алдық. Әдеттері сол, үйдегі асхана әйелдердің «визиттік карточкасы» іспетті. Қартайса да тамақты өздері пісіреді.

“Өзге ұлтқа шықтым. Өкінбеймін…”

“Тағдыр пешенеме осындай өмірді жазған шығар. Дегенмен оған еш өкінбеймін. Бірақ сіңлілеріме „тек қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығыңдар„ деп, айтар едім. Себебі өзге ұлт адамына, өзге елге сіңісіп кету оңай емес. Басқа елде басыңды тік көтеріп жүру үшін шыдамдылық, амал-айла керек. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз текке айтылмаған. Осыны ұмытпаңдар”. 

siriya2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз