Біз Желтоқсан көтерілісіне қатысқан батырларымызды білеміз бе осы? Олар қазір қайда жүр? Оларға қаншалықты құрмет көрсетіліп жатыр?
Мына суретте екі жағынан екі жендет дедеңдетіп әкетіп бара жатқан мына қазақтың қызының аты – Анар Рақымжанова екен. Фейсбуктен таптық. Халықтың оған деген ықыласы да ерекше.
“Осы бейне менің қалтамда жүрді, әскерде (суретті айтады). Сарғайған газет қиындысы. Кім бергені есімде жоқ, ол кезде Кеңес дәуірі болса да біз қазақ екенімізбен басқалардан ерекшеленіп тұратынбыз. Кеңестік жүйеге бой бермей өзіміздің мықтылығымызды дәлелдеп жүрдік. “Талай қиын сәттерде мына қыздан қай жерің кем, Раушан?” деп өзімді өзім қайрап, жігерленіп алатынмын. Жендеттердің ұстап алып бара жатқанның өзінде қандай паңдықпен өр мінезділігін көрсетіп бара жатыр. Қазақтың қыздарының өзі кеудесін басқызбаған. Рухтарың шат болсын!”
деп жазыпты Раушан Қалмомынұлы.
Анар Рақымжанова