Степногорскідегі «Тепличные технологии Казахстана» ЖШС жылыжай кешені – отандық өндірістің бірі болып саналады, оның өкілдері Халықаралық «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі 2016» конференциясына қатысуды жоспарлайды, деп хабарлады “ҚазАгро” АҚ баспасөз қызметі.
Форумның үстіміздегі жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өтетінін еске саламыз. Алаңы 3,5 га және жобалық қуаттылығы 1800 тонна кешен «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен 2010 жылдың соңында пайдалануға берілді. Бүгінгі күні қызанақ өсіруге арналған алаң есебінен жобаны 6 га дейін кеңейту және жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін 3 мың га дейін ұлғайту жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай салат өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосады.
Холдинг отандық фермерлер мен агроқұрылымдарға жеміс-көкөніс бизнесін дамыту үшін қолдаудың қаржы құралдарының кеңейтілген жиынтығын ұсынады.
Жеміс-көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында, Холдингпен жылыжай шаруашылықтарынан басқа келесі бағыттардағы жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады, олар: суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Соның ішінде 63 жоба іске қосылған),бау-бақшалар құру және дамыту (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 31 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді), көкөніс қоймасының құрылысы және жаңарту (16,7 млрд. теңгенің 44 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 185 мың тонна, оның 41 жобасы пайдалануға берілді).
Қаржыландырылған объектілер жобалық қуатқа шығу кезінде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуі жоспарланады.