Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
13
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Жамбыл облысында дауылдан келген шығын көлемі 470 млн теңгені құрады

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

«Жамбыл облысы аумағында 3-қарашада соққан дауылды желдiң салдарынан электр желiлерi үзіліп, бiрқатар нысандардың жұмысы тоқтады. Әлеуметтiк нысандар мен тұрғын үйлердiң шатырлары жұлынып түстi. Табиғи апат салдарынан Тараз қаласы мен 5 аудандағы нысандар бүлiндi. Барлығы 1754 нысанға зардап келдi. Оның iшiнде 454 нысанның шатыры 70 пайызға дейiн бүлiндi. 53 мыңнан астам абонент электр энергиясынан ажыратылды. 5 елдi-мекенде газ беру тоқтатылды. Шұғыл түрде бiз төтенше жағдайдың зардабын жоюға кiрiстiк», – деп баяндады Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев.

Өңір басшысының айтуынша, күшейтiлген жұмыстың нәтижесiнде дауыл соққан күнi газбен жабдықтау толығымен қалпына келтiрiлген. 4-қарашада жылу беру, 6-қарашада электр энергиясы жүйесi iске қосылыпты.

«Қазiргi уақытта Тараз қаласында жеке тұрғын үй секторына электр энергиясын жеткiзу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 36 азамат медициналық көмекке жүгiндi, оның iшiнде 4 адам ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай режимi Тараз қаласы мен үш ауданда енгiзiлдi. Комиссия дауыл салдарынан келген зардапты есептеп жатыр. Алдын ала есептелген зардап 470 млн теңгенi құрап отыр», – дедi ол.

«Оңтүстiк» өңiрлiк қолбасшылығының әскери нысандарын ведомство өзi қалпына келтiредi. Сондай-ақ, бiлiм министрлiгi екi жоғары оқу орнының ғимаратын жөндеп жатыр. Шығын – 129 млн теңге. Осыған қоса 1300-ден астам нысан бизнес-құрылымдардың тартылуымен қалпына келтiрiлуде.

«Бүгiнде нысандардың 75 пайызы қалпына келтiрiлдi. Барлық коммуналдық нысандар жергiлiктi бюджет есебiнен жөнделедi», – дедi облыс әкiмi.

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi баяндағандай, дауылдың салдарынан бүлiнген 7 нысанның үшеуiнiң шатыры толық жабылған. Қалған төрт нысанның шатырын жөндеу ертең аяқталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз