Қалалық төтенше қызмет басқармасының хабарлауынша, құтқарушылар жеткенде ол ванна бөлмесінде асылып тұрған.
Оқыс оқиға 3-қарашада орын алды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.
“112” шұғыл желісіне бір келіншек қоңырау шалып, Теміртау қаласы 3/а ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бір пәтерінде талмасы және қасында 3 жасар қызы бар екіқабат туысқанының есікті ашпай жатқанын айтып көмектесуді сұраған. Ол есікті 15 минут бойы қаққанын, сондықтан енді мазасы кете бастағанын айтқан” деді қалалық төтенше қызметтегілер.
“Үйдің зал бөлмесінде 3 жасар қыз, сол секілді І-топтағы мүгедек қария ұйықтап жатқан. Ары қарай өткен олар ваннада 26 жастағы аяғы ауыр келіншектің асылып, селкілдеп тұрған жерінен түседі. Бірден оны жіптен босатып алып, жедел жәрдем көлігі мен полицияға қоңыр шалынды” дейді жағдайды сипаттаған қалалық төтенше қызметтегілер.
Жүктіліктің ең соңғы аптасындағы келіншек “жүйке жүйезінің тозуы, суицид” сынды диагноздармен ауруханаға жеткізілген. Әйелдің мұндай әрекетке не үшін барғаны қазір анықталып жатыр.