Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы Түркия президентін Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік тілеп, өркендеп, қанат жая берулеріне ниеттес екенін білдірді.