Шымкент билігі үй аулаларына балалардың ойын құралдарын орнатуды қолға ала бастады, – деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша 22 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасау қолға алынбақ.
Абаттандырылған аулаларға 15 түрлі ойын элементтері орнатылған. Темір құрылғыны мердігерлер жобаға сай жасаған. Арасында, тіпті, Астанаға тапсырыс беріп алғызған сырғанақтар мен әткеншектер де бар.
Биыл Еңбекші ауданы бойынша жөндеу жоспарында 22 көп қабатты үй ауласы бар. Құрылысқа бөлінген 235 млн теңгені мердігерлер қараша айының соңына дейін игеруі тиіс.
Аудан басшылары, бұдан бөлек, 2012 жылы абаттандырылған аулаларға да ойын элементтерін орнатпақ. Ол үшін бюджеттен 57 млн теңге қаралыпты. Бұл жұмыс желтоқсанда аяқталады.
Нәтижесінде, ауданда бар 630 көп қабатты үйдің 461-і заман талабына сай, тұрғындарға ыңғайлы болмақ.