Мемлекет алиментті өз қалтасынан төлеуден бас тартты. Бірер ай бұрын коммунистер партиясы алимент қорын құрып, жалғызбасты аналарға алиментті мемлекет төлеу керек деп ұсыныс айтқан. Бірақ дағдарысты сылтау еткен үкімет бар жауапкершілікті борышкер әкелер мойнына артып отыр.
Бұл туралы 31-арна хабарлайды.
Алименттің ақысын билік өз қалтасынан бере алмайды. Сондықтан депутаттар проблемадан шығудың жолы – әкелерді ұялту деп отыр. Ол үшін Астананың бас көшелеріне борышкерлердің фотосын іліп, қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейді.