Бұл қызметке осыған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болған Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев келді.
Бұл туралы осы телеарнаның сайтында хабарланды.
Жанахмет Ағыбаев 1974 жылы 2-қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. Кейін 1998-2000 жылдары аталған газетте жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық «Оңтүстік Астана» телеарнасының бас директоры, 2010 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың 1-қарашасына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болды.