ҚР Ішкі істер министрлігі жас қызды есінен танғанша оңдырмай ұрып тастаған жігітті таба алмай жүр екен.
Жігіттің кім екенін анықтап, оны табу үшін полицейлер халықтан көмек сұрайды, деп жазады Today.kz.
“ҚР ІІМ әйелді ұру оқиғасына қатысы бар тұлғалардың кім екенін анықтауға байланысты азаматтардан көмек сұрайды. Видеодағы адамдарды таныған жандар болса 72 22 37, 71 44 28, немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз“, – дейді ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев.