Қырғызстанның ІІМ мәліметі бойынша, марқұм болған әйел баптист дінінде болғаны үшін оны бірнеше рет жерлеген оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өлген адамның денесін және жерленген жерін қорлау» деген 263-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Бұл іске қатысты айыпты деп танылғандар ірі көлемде айыппұл төлеп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады.
Кейін әйелдің денесін сол ауылдың христиан зиратына жерлейді. Бірақ ол жерден де денені қайтадан қазып алып, басқа жаққа алып кетеді.
Осы оқиғаға байланысты омбудсмен Кубат Оторбаев елдің Бас прокуратурасына хат жолдап, әйелді жерлеуге кедергі келтіргендерге қатысты шара қолдануын сұраған. Ол зиратқа деп бөлінген жерлер жергілікті билікке қарайды, бұл аумақтың имамдарға еш қатысы жоқ деп атап өткен.