Бүгін Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысында Руслан Күлікбаевтың ісіне қатысты сот талқысының төртінші күні өтіп жатыр. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Жарқынбек Бақашбаев Күлікбаевқа өлім жазасын сұрады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата заң атынан, қылмыстық істерді жүргізуде прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттік негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп,
Руслан Күлікбаевтың мүлкін тәркілеп, өлім жазасын беруді сұраймын»,
– деді Бақашбаев.
Прокурор Күлікбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Людың мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкін тәркілеп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкін тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруды, Құсайыновты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.