Парламент мәжілісі жалпыұлттық табыс декларациясын өткізуді 2017 жылдан 2020 жылға шегеру туралы өзгертуді бірінші оқылымда қабылдады.
Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев салық заңдарына енгізілетін өзгерістерді депутаттарға таныстырып, табыс декларациясын өткізуді 2020 жылға шегеру себебін “ақпараттық жүйедегі кемшіліктермен” түсіндірді.
Қаржы министрлігі дайындаған жоба бойынша, әуелі 2017 жылы табыс декларациясын мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар және судьялар, олардың жұбайлары, кейінірек – ұлттық компаниялардың әкімшілік қызметкерлері және мемлекеттік кәсіпорын жұмысшылары өткізуі керек болған.
Басқа да азаматтар декларацияны 2020 жылдан бастап өткізеді деп жоспарланған еді.