Футболдан биылғы Қазақстан чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда астаналық «Астана» футбол клубы тағы ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл ойында «Астана» тіпті жеңіп кете жаздаған, 33-ші минутта төреші «Оқжетпес» қақпасына пенальти берген, бірақ Рохер Каньястың соққысын алаң иелерінің қақпашысы Саша Стаменкович қайтара алды.
Осы тең нәтижемен-ақ «Астана» 73 ұпай жинап, екінші орында келе жатқан Алматының «Қайратынан» озып кетті.
Әзірге 68 ұпайы бар «Қайрат» қалған соңғы ойында жеңіске жетсе де, чемпионатты 71 ұпаймен аяқтап, екінші орында қалады.
Айта кетсек, «Астана» футбол клубы осымен қатарынан үшінші жыл Қазақстан чемпионы атанып отыр.
Астаналық клуб үш мәрте чемпиондығына болгар маманы Станимир Стойловпен бірге қол жеткізді.