Бүтіндей бір ауданға Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі беріліп жатқанда, Қарағандыдағы Саран қаласындағы 238 көшенің ең болмағанда біреуі қазақшаға өзгертілсе деген халықтың арманы орындалмайтын сияқты. Тілшілердің алдында ашығын айтқан қала әкімі қазақша атауға неге қарсы? Халық мұнымен шектеле ме?
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
АДАМЖАН МҰСАБЕКОВ, Саран қаласының тұрғыны:
– Мынау орталық площадь болғаннан кейін осы Қазақстанға көп еңбегі сіңген Қонаевтың атын берсін.
ТОҚАН АҚПАНБАЕВ, Саран қаласының тұрғыны:
– Бізде орысша аталған көшелер бар. Мысалы Рабочий көшесі, жақсы ұзын көше. Кіреберісте. Соған мысалы Абылай ханның атын беруге болады.
Дегенмен Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа көше аттарын ауыстыруға орындауға асықпайды. Өйткені, даңғылдардың аттарын ауыстыру жат нәрсе деп отыр.
Бірақ екінші бір сөзінде қала әкімі атауларды ауыстыру мәселесі қаралып жатыр дегенге сендірді. Сөзінше, құжаттар да әзірленіп жатқан көрінеді. Ал көшелердің есімі қашан жаңартылатынын шенеунік айтпады.