Сәрсенбі күні аннексияланған Қырымда Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі қырым татарларының үйіне тінту жүргізген. Бір адам ұсталған деп хабарлайды “Қырым.Реалии” сайты.
Қырым татарлары халқы құрылтайының Орталық сайлау комиссиясы басшысы Заир Смедляевтың айтуынша, тінту Меккеден қайтқан қырым татарларының үйлеріне жүргізілген. “Ұсталған адам “Хиз бут Тахрир” ұйымының мүшесі деген күдікке алынған” дейді.