Жастарға бір-екі күнде табыс табатын жұмыс ұйымдастырылып, ұсынылуда. Онымен Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы, «Аллерго Қазақстан» ЖШС және Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімшілігі айналысып жатыр.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
„Қолжетімді жұмыс„ жобасын ұйымдастырушылар Қазақстандағы хабарландыру нарығындағы ең ірі интернет сайт – «OLX.kz» алаңын пайдаланады. Ондағы «Қолжетімді жұмыс» айдарынан 3000-5000 теңгелік қысқа мерзімді және төлемақысы әдетте кішігірім болатын жұмыстарды тауып алуға болады. Мысалға, бұл газонды қию, құрылыс қалдықтарын шығару, үй жинау, терезе жуу, ағарту, сырлау, итті қыдырту, яғни үй шаруашылығындағы кез келген жұмыс.