Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтуде облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов мыңнан аса қылмыстың бетін ашқан облыстағы ең үздік 70 ізкесушіні марапаттады.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы жас опер, полиция лейтенанты Әділбек Жарасовқа „Нива„ көлігінің кілтін салнатты түрде табыс етті. Ол „Жұмысындағы үздік„ конкурсындағы опер болып танылды.
Петропавл қалалық ішкі істер департаменті полиция бөлімінің оперы Әділбек Жарасов 2014 жылы ғана ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясын тәмамдаған. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз жұмысында жақсы жағынан көрініп, кәсібінің үздігі екенін дәлелдеп үлгерген жас.
„Жыл басынан бері облысымызда 5 мыңға жуық қылмыстың беті ашылды. Әр жұмыстың артында оперлардың атқарған үлкен жұмысы тұр„ – деді Думан Таев.