Алматыдағы “Тот самый бар” түнгі клубында бірнеше жігіт төбелесті. Оқиға 27-тамызда сағат шамамен таңғы 5.00-де болған.
Жаппай төбелеске қатысқандардың бірі Қанат Толтаев болған жайтты айтып берді деп хабарлады Тengrinews.kz.
Кейін ерегес басталып, тараптар бір-бірін итерген, осыдан кейін төбелес болған. Толтаевтың айтуынша, төбелес кезінде қызыл жейдедегі жігіт қалтасынан пышақ алып шыққан.
Дәрігерлер жігітке мұрнының сынғанын айтыпты. Кейін оны №7 ауруханаға жіберіпті. Сол жақта жігіттің омыртқасы екі жерден шытынағаны белгілі болған. Дәрігерлер басының жарылғанын анықтап, тігіп беріпті. Ал Толтаевтың досының тісі сынған, денесі көгеріп, басы жарылған. Сонымен қатар, ұялы телефонын сындырып кетіпті. Жәбірленушілер оқиғадан кейін полицияға арыз жазды.
Қалалық ІІД өкілдері өз кезегінде бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша (“Бұзақылық”) тіркелгенін хабарлады. Полицейлер бұзақылардың аты-жөнін анықтап, қазіргі уақытта оларды іздестіріп жатыр. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.