Қазақстанға тиесілі Каспий түбінен «қара алтын» қайта шықты! Сан мәрте шегеріліп ұзақ күттірген Қашағанның мұнайы бүгін жаңа құбыр желілеріне түсе бастады. Сүйіншілетіп хабар таратқан инвесторлар енді қарқынды бұдан да көбейтуге күш салғалы жатқандарын мәлімдеді.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Ал Қашағанға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италияның алпауыт компаниялары мол ақша салғанын ескерсек, бұл үлкен коммерциялық жоба. Әрине, Қазақстанның үлесі де жоқ емес. Енді жаңаланған құбырлардан тағы ақау шықпаса, жұмыс істеуінен тұралауы көп болған Қашаған пайда әкелуі тиіс.