Алматы мәйітханасынан табылған Қазақ көлік және коммуникация академиясы студентінің қаза табуына жол-көлік апаты себеп болған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қаланың ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде қарастырылған сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жақын арада жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Іздестіру шаралары аясында қаза тапқан жігіт 29.09.2016 жылдан із-түзсіз жоғалған болып саналған Алиясилов А. екені анықталды. Туыстарына хабар берілді.
Бұрын хабарланғандай, Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті 28 қыркүйекте үйінен шығып, кейін туыстарымен хабарласпаған. Соңғы рет оны колледжде көрген, жігіт ол кезде үйіне жиналып жатқан еді.