Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Оны жазып кәйтесің?! Дәурен Абаев журналистерді соттаудың тың тәсілін тауып алды

280

0ec69fd879433b00092ae5e6cde9d96d_xl

Дәурен Абаев

Оның айтуынша аталған құжат елеулі өзгерістер жасауға бағытталған және кәсіби топтардың кең ауқымы мен жалпы жұртшылықтың мүдделерін қамтиды. Алайда министрдің «жұртшылықтың мүдделерін қамтиды» деген заң жобасы журналистердің көңілін күпті етіп, наразылығын тудырып отыр. Себебі аталған заң жобасының “Журналистік қызметті регламенттеу” деп аталатын алтыншы тармағында “Тұлғаның жеке өмірі мен жеке басына қатысты ақпаратты алу үшін, журналист міндетті түрде тұлғадан жазбаша рұқсат алуы тиіс” деген қисынсыз бап енгізілген.

Белгілі журналист Дәурен Қуаттың айтуынша, қандай да бір тұлға туралы жазу үшін одан рұқсат алу қисынсыз болып саналады. Сондай-ақ ол «бұл талап белгілі бір тұлғаның қоғам алдындағы жауапсыздығын тудырады» деп, алаңдап отыр.

Көпшілік білетін адамның сөзі мен іс әрекетін сараптап, мақала жазу үшін рұқсат алу керек болатын болса, онда ол сөз бостандығына қайшы келеді. Қандайда бір ақпарат алудың өзі қиын болып тұрған заманда бұл талапты енгізудің ешқандай қажеті жоқ. Егер заңның дәл осы бабы қабылданатын болса, кез келген саяси тұлға бірден цензорға айналады. Өйткені «Мен бұл мақаланы жазуға жазбаша рұқсат берген жоқпын» деп, кез келген журналисті сотқа беретін болады. Ал журналист сотталып кетемін деп сақтанып, қоғамдағы келеңсіздіктерді жазбауы әбден мүмкін – дейді ол.

1362333843-892

Дәурен Қуат

Дәурен Қуат министрлік журналистерге кедергі келтіргенше, олардың жұмысының жандануына күш салуы керек деген пікірде. Оның ойынша, биліктің қазақ журналистеріне деген көзқарасы дұрыс емес. Алайда қазақ журналистері соған қарамастан, жанкештілікпен жұмыс жасап жатыр.

Құзырлы орган қазақ және орыс журналистеріне мемлекет және қаржылық топтар арқылы бөлінетін қаржыны жариялау керек. Мәселен, бір телеарнада жұмыс жасайтын қазақ және орыс журналистері қанша еңбекақы алады? Сондай-ақ қазақ және орыс бағдарламасына қанша қаражат бөлінеді? Осыларды анықтап жариялау керек деп ойлаймын. Қаржы көп бөлінетін әрі бір бағдарламаны ондаған адам бірігіп істейін орыс бағдарламасы сапалы болама, жоқ әлде аз ақшамен 5-6 адам бірігіп жасайтын қазақ бағдарламасы сапалы бола ма? Қалай болғанда да қазақ журналистерінің жанкештілігінің арқасында қазақ тіліндегі бағдарламалар мен жаңалықтардың рейтингі жоғары болып отыр. Алайда соған қарамастан, билік орыс БАҚ-тарына қырауар қаржы бөліп жатыр, – дейді Дәурен Қуат.

Оның айтуынша, билік қазақ журналистерінің бәсекелестік қабілеттілігін қолдан әдейі төмендетіп отыр. Сондықтан да ол билік пен қаржылық топтар қазақ БАҚ-тарына геноцид жасап отыр деген пікірде.

Билік қазақ журналистеріне қаражат жағынан қысым жасап, олардың жазған ақпараттары мен мақалаларына бақылауды күшейте берсін делік. Мейлі, тиісті орындар мемлекеттік тілде ақпарат бермей, қазақ журналистерін сандалтсын. Алайда бұлай ету арқылы қазақ журналистерін тұқырту мүмкін емес. Қазіргі таңда БАҚ-та жұмыс жасамай, шеттетіліп кеткен журналистер әлеуметтік желіде үлкен күшке айналып жатыр. Қазір үкімет пен парламент әлеуметтік желідегі қазақ журналистерінің пікірімен санасып, соған бейімделіп, өмір сүруге мәжбүр, – дейді журналист.

Иә, расында билік белгілі бір деңгейде әлеуметтік желідегі пікірмен санасады. Мәселен, жуырда Үкімет отырысының орыс тілінде өткені сын садағына ілігіп еді, одан қорытынды шықты. Бұл арада әлеметтік желідегі журналистердің ықпалы зор болғанын айтып өткен жөн. Алайда билік алдағы уақытта әлеуметтік желіге де бақылау жасап, сөз бостандығын шектеуге бекініп отыр.

Егер бұл заң жобасына көз жұмып қарайтын болсақ, журналистердің жағдайы мүшкіл болмақ. Бұл деген сөз алдағы уақытта журналистің екі елі аузына төрт елі қақпақ қойылып, аяғына тұсау салынатынын аңғартады. Ал мұндай тұсаудың қаншалықты қажеті бар?

Өйткені қазіргі таңда қандайда бір басшыдан жауап алу керек болатын болса, оған жазбаша хат жолдауға мәжбүр боласың. Жазбаша жолдаған сұрағыңа жауап аламын дегенше, шығуы тиіс мақаланың өзектілігі жойылып кетеді.

Дәл осындай кедергілерге тап болып отырған журналистерге «тұлғадан жазбаша рұқсат алу» жығылғанға жұдырық болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз