Ақтөбе облысында екі жасөспірім асылып қалды.
Біреуі мектеп оқушысы болса, тағы бірі ауылшаруашылық колледжінің студенті деп хабарлады Timeskz.kz.
10-сыныпта оқитын Ильяны туысқандары 24-қыркүйекте үй алдындағы сарайда асулы күйі тауып алған. Ол өзінің бауырларымен патронатты отбасында тәрбиеленіп жатқан.
Ал екінші жасөспірімнің денесін аауыл маңындағы көлдің жағасындағы ағаштан тапқан. Ол ауылшаруашылығы колледжінде оқып жүрген. Бұдан басқа мәліметтер тергеу мүддесіне сай ашып айтылмайды.
Екі жағдайда да қош айтқан хат табылмаған.