Петропавлда әлеуметтік желіде тараған дизель отынына кезекте тұрғандардың видеосынан кейін шу шықты.
«ҚазМұнайГаздың» кейбір жанармай бекеттері дизель отынын беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BNews.kz.
Аймақтың Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотовтың айтуынша, астық жинау маусымы басталғалы дизель отынының қажеттілігі артқан.
«Халық дизель отыны жетпейді деп шу көтеріп жатыр. Ешқандай проблема жоқ. Талон мен карточка арқылы шектеусіз беріліп жатыр. Еркін сатылымда да бар, тек бағасы әр жерде әртүрлі. Жағдай жақын арада реттеледі деп ойлаймын. Дүрбелеңнің қажеті жоқ», – дейді ол.