Оңтүстік Қазақстанда бір аптада болған 3 жол апатына қатысты тергеу барысын Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ондағы арнайы комиссия 4 күн ішінде «Ташкент-Термез» күре жолындағы 12 адамның өмірін қиған оқыс оқиғалар бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ал қауіпсіздікті күшейткен күнгейдің полицейлері әр көлікті тоқтатып, ескерту жасап әлек.
Біреуінің тіпті басы жұлынған. Ал күні кеше ғана мұнда өзінің үйлену тойына асығып келе жатқан жігіт «Мерседесімен» жол жиегінде тұрған «Газельге» соғылды. 25 жастағы күйеу жігіт пен оның қос қарындасы және досы сол жерде тіл тартпай кетті. Төртеуі де бүгін жер қойнына тапсырылды. Осы жол апаттары бойынша тексеруді қолға алған министрлік оңтүстіктегі бірқатар шенділерді жазалауға бел буып отырған сыңайлы.