Өткен тәулікте қазақстандық шекарашылар есірткі тасымалының бірнешеуінің жолын кесті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Мерке” өткізу бекетінде шекара қызметкерлері 3 келі марихуана тапты. Оны “Мерке-Бішкек” бағытында жүретін пойыз жүріп бара жатқанда вагондардың бірінен секіріп кеткен белгісіз бір ер адам тастап кеткен екен.
Ал шекара қызметкерлері жігіт секірген территория маңында тартылған сымның асты қопарылғанын байқаған. Тексере келе, ол арадан 2-3 метрде бір пакет табылған. Ішінен өсімдік түрінде шамамен 3 келі болатын марихуана шыққан.
Бұл жайт жақын маңдағы Жамбыл облысының құқыққорғау органы өкілдеріне хабарланып, ескертілді.
Тағы осы күні “Жайсан теміржолы” өткізу бекетінде Ақтөбенің шекара отряды иісшіл итті пайдалана отырып, “Алматы-Орал” бағытындағы пойызды тексеріп, есірткімен 61 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Азаматты тексеру кезінде шалбарының қалтасынан сұр-жасыл түсті өзіндік иісі бар 10 грамм көлемінде гашиш шықты, ал матрацтың астынан шамамен 30 грамдай марихуана табылды.
Бұл жайт туралы шекарашылар құзырлы мекеме өкілдерін құлақтандырды.