Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
10
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Түркістанның екі азаматы үйінің ауласында қарасора өсіріп, оны кәсіп еткен

587

Ұсталған күдіктілердің үйіне жүргізілген тексеру кезінде тәртіп сақшылары аулада өсіп тұрған 5 түп «қарасора» есірткі өсімдігін және ауладағы кереуетке жайылған «марихуанаға» ұқсас есірткі заттарын анықтап, тәркіледі.

Сот-криминалистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған заттардың жалпы салмағы 135 грамды құраған. Кептірілгені – 20 грамм, одан тыс 5 түп «қарасора» есірткі өсімдігі табылған.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабымен «Құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге ешқайда кетпеу туралы қолхат табыс етілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз