688 адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханада жатыр.
Бұл туралы Росбалт порталы хабарлады.
Қаза тапқандардың басым бөлігі Аматрич қаласынан табылған. Өйткені бұл қала жер сілкінісінен қатты зардап шеккен.
Италияда қаралы күн жарияланды, Рим папасы Франциск қаза тапқандар үшін әлем қауымдастығынан дұға тілеуді сұрады.
24-тамызда түнде Италияның орталық бөлігінде 6,2 балдық жер сілкінісі болғанын еске сала кетелік. Зілзала Умбрия, Лацио және Марк өңірлерін қамтыды.