Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Шығыс Қазақстанда заңсыз ауланған 8 тонна балық тәркіленді

Анықтай келгенде, жүргізуші балықты Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғұл ауылынан алып, Алматы облысына апара жатқанын айтқан. Сондай-ақ ол балықты өзінікі емес екенін айтқан. Оған Алматы облысына жүкті жеткізіп беру үшін ақы төленген екен.

Полиция болса, балықты браконьерлер аулаған деп санайды. Өйткені мұндай көлемде көксеркені аулауға тек ірі кәсіпорындарға ғана рұқсат беріледі. Балықты заңсыз аулауға байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Шығын көлемі 5 миллион теңгені құрайды.

Жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз балық аулау бойынша 11 фактіні анықтап, 85 тоннадан артық балық тәркіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз