Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Астанада іздестіріліп жатқан студенттің көлігі ломбардтан табылды

Оның жоғалып кеткендігі туралы хабарлар Инстаграм мен Фейсбук әлеуметтік желілерінде таратылуда.

«Көмектеріңіз қажет! Жас жігіт жоғалып кетті! Аты – Бахтияр Жаманғараев! ҚазГЗУ-дің түлегі. Туған-туыстары онымен хабарласа алмай отырғандарына бірнеше күннің жүзі болды. Қандай да бір ақпарат болса, мына нөмірлерге хабарласуларыңызға болады: 8771 775 04 09», – делінген туыстары мен достары таратқан хабарламада.

Жаманғараевтың туыстары берген мәліметтер бойынша, Бахтиярдың бойы – 170-175 см, орташа денелі.

Астананың ішкі істер департаменті де Бахтияр Жаманғараевтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растап отыр. Полицейлердің хабарлауынша, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Биыл 11-тамызда Жаманғараевтың жоғалып кеткені жөнінде туыстары арыз берді. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен азаматты табу үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Іздеу ісі қозғалды», – деп хабарлады ондағылар.

Қазір Бахтияр Жаманғараевты іздеуге 200-ден астам адам өз еркімен жұмылдырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз