Joode деп аталатын қосымшаны қолданушы 9 интерактивті сабақты өту арқылы араб әліпбиіндегі 28 әріптің барлығының аталу, оқылу және жазылу ерекшеліктерін үйрене алады.
Бұл туралы Мuslim.kz хабарлады.
Жоба авторы Нұрсұлтан Асқарбекұлының айтуынша, араб алфавитін толық үйреніп алу үшін орта есеппен екі сағат жеткілікті екенін айтады.
Ал жас өнертапқыштың ендігі мақсаты – Құран оқуды үйрететін қосымша жасау.