Ұлттық қорға түсетін аударымдар азайып жатыр. Сонда, Қазақстан экономикасы тоқыраудың алдында тұр ма?
2016 жылдың алғашқы жеті айында ҚР Ұлттық қорына небәрі 609,89 млрд теңге салықтар мен төлемдер түскен. Бұл 2015 жылғы жеті айдағы көрсеткіштен 39 пайызға аз. Әсіресе, өткен айдағы көрсеткіш өте төмен болған.
2016 жылғы шілдеде Ұлттық қорға 15,8 млрд теңге сомасындағы салықтар мен төлемдер аударылыпты, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 47,1 млрд теңгені құрапты
Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық қорға түсетін қаржы корпоративтік табыс салығы есебінен қамтамасыз етіледі. Ол 288,77 млрд теңгені құраған, бұл 2015 жылғы қаңтар-шілдедегіден 1,4 есе аз. Түсімнің екінші бөлігі — пайдалы қазбалардан түсетін салықтар — 145,02 млрд теңге (өткен жылғы тиісті мерзімдегіден 1,7 есе аз).
Ұлттық қорға аударылатын салықтар мен төлемдердің 2012 жылы тіркелген соңғы бес жылдағы рекордтық жалпы жиынтығын салыстырғанда қаңтардан шілдеге дейінгі мерзімде олар 3,3 есе (2,05 трлн-нан 0,61 трлн теңгеге дейін), — деп шамалайды Finprom.kz порталының сарапшылары. Сонымен қатар, 2015 жылы басталған қаржы түсімдерінің елеулі азаюы әлемдік нарықтағы мұнай бағасы құлдырауының, мұнай бойынша өндіру және экспорттық көрсеткіштері құлауының тікелей салдары болып табылады.
Өйткені мұнай бағасының жағымды болжамдары жоқ, Ұлттық қорға түсетін салықтар мен төлемдер бұдан былай да салыстырмалы түрде төмен болып қала бермек
Мұндай жағдай Солтүстік-Каспий жобасы (өндірісті жаңғырту 2016 жылдың соңында күтілуде) шеңберіндегі өндіруді коммерциялық деңгейге шығарғанға дейін жалғасуы мүмкін.
Егер аймақтар бойынша статистикаға назар аударсақ, келесі дүние анық болады: еліміздің барлық дерлік аймақтары Ұлттық қорға аударылатын түсімдерді елеулі түрде азайтқан.
Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді тек екі — Қарағанды және Алматы облыстары орындаған
Күрт құлдыраулар мұнай өндіретін облыстарда байқалады
Қалыптасқан ахуалға баға беруді, біз экономист Жарас Ахметовтан өтінген едік.
— Әрине, мұның барлығы ұнамсыз дүние, бірақ түзеуге болатын нәрсе.
Бүгін Ұлттық қорға ақшаның аз түскеніне үкімет те, біз де кінәлі емеспіз. Айымыз солай туды
— бір жыл бұрын мұнай бағасы қазіргіден екі есеге қымбат болған. Оның үстіне, мұнай бағасы $40 және одан төменге құлаған кезде мемлекеттің экспорттан ренталық салық алмайтынын ескеру керек.
Бірақ бұл өмірден түңіліп, „ойбай, бәрі құрыды!„ деп, байбалам салудың реті жоқ.
Тіпті, осындай мардымсыз түсім кезінде де біздің Ұлттық қор құрметпен қарайтын деңгейде.
ҚР Ұлттық банкінің бағалауларына сәйкес, ҚР Ұлттық қорының доллар шамасындағы резервтік активтерінің жиынтығы 63,4 млрд долларды құрап отыр. Бюджетке түсетін трансфер 2,7 трлн теңге көлемінде белгіленген — шамамен, жылына 2,7 млрд доллардан келеді. Сондықтан Ұлттық қордағы ақша әлі біраз жылға жететін болады.
Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар