Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақ билігіне ұлтшыл адам келгенде, Ресей Қазақстанға әскерін кіргізеді — неміс сарапшысы

222

Интернетті шолып отырып мына бір мақалаға көзіміз түсті. Оқыдық. Ой қорыттық. Аудардық.

Немістің Deutsche Welle (Неміс толқыны) халықаралық сайты Қазақстанның болашағына болжам жасапты. Олар не деген?

Алдымен сауал қойған.

1) Қазақстандағы қазіргі жүйе ауысқанда, елде не жағдай орнайды?

bc73c2841cc6be66ade1c0b3f8853acc

Себастиан Шик

2) Бұған Ресейдің көзқарасы қандай болмақ? Жаңа жүйе Кремльге жақпаған жағдайда, Путиннің Қазақстандағы «орыстілді қауымды» қорғап шығуы мүмкін бе?

Басты екі сауал осы.

Берлиндегі Ғылым және саясат қорының сарапшысы Себастиан Шик бұған жауап іздеген.

Тұра тұрыңыз, бұл болжам емес, айтпақшы. Сарапшының пікірі бойынша, қазіргі тенденциялар, негізінде, түзілген және болашақта орындалатын бұлжымас сценарий.

Сәуегейсіген Себастиан Шиктің айтуынша, жүйе ауысқанда, оның басына қазақ ұлтшылы келеді. Бұл қашан болады десеңіз,

2021 жылдың ақпан айы – Қазақстан үшін сын шақ. Дәл осы айда, дәл осы жылы қазақтың аузы дуалы азаматтары (элитасы) екіге жарылады…

Халықаралық қысымға шыдамаған Астана, дәл сол жылдың шілдесінде таза, әрі әділ сайлау өткізуге мәжбүр болады.

Аламанда от ауызды, орақ тілді үміткер Мұхтар Құнанбай жеңіп шығады. Сіз оны танымайсыз. Себастиан Құнанбайды ойдан шығарған. Дұрыс қой, бұл болуы мүмкін сценарий емес пе?

Құнанбай өзінің ұлтшыл, антиресейлік әрі демократиялық ұрандарының арқасында бұқараның қолдауына ие болады. Батыс, өз кезегінде, демократиялық құндылықтарға құрметпен қараған Құнанбайдың жақтастарына қолдау білдіреді.

Ал қазақ элитасы неге қақ жарылды? Мұны Шик былайша суреттепті:

– Ресейдегі экономикалық дағдарыс, оның Орта Азиядағы ықпалын әлсіретіп тынады. Бұл аралықта  Қытайдың аймақтағы ықпалы артады. Ақыр аяғы, қазақ элитасындағы Қытайдың ығына жығылған топ, қаржылық әл-қуаты тұрғысынан әлсіреп қалған ресейшіл топтан басым түседі. Ықпалы төмендеген соң ел арасында Ресейге деген қарсылық күшейеді.

Қазақтар сөзден іске көшіп, Еуразиялық одақтан шығатынын айтады,

дейді Шик.

Сарапшының сөзінше, Ресеймен интеграция Қазақстан билігіне жүйені сақтау үшін қажет болған. Оның экономикалық салдары ауыр болатынын ескермеген. Одақтың тауқыметін тартқан халықтың пікірін тыңдағысы келмеген.

Сарапшының болжағанындай, 2021 жылы жүйе ауысатынын, оның басына Мұхтар Құнанбай келетінін жазғанбыз.

235004116

– Дәл осы уақытта ресейлік БАҚ сайлауда жеңіске жеткен жеңімпазға қарсы ақпараттық соғыс ашады. Солтүстік Қазақстандағы орыстілді тұрғындардың арасында үрей туғызады. Кремль, өз кезегінде, өзін ресми түрде “Қазақстандағы барлық орыстар мен орыстілділердің қорғаушысы” деп жариялайды. Сайлау өткеннің ертесіне-ақ Солтүстік Қазақстанның 40 ауданында билікке келген ұлтшылдарға қарсы орыс отрядтары құрылады. Іле-шала Ресей Қостанайдағы әуежайға десант түсіреді.

Орыс әскері Ресей-Қазақстан шекарасына жақындап, бұйрық берілер сәтті күтіп отырады…,

дейді сарапшы.

Ал Қазақстан тарапынан ешқандай қажетті шаралар жасалмайды. Бұл, өз кезегінде, Құнанбайдың жақтастарының қатарын көбейте түседі. Ақыр аяғы, Үкімет отставкаға кетеді.

Тағы да сол Шиктің айтуынша, Қазақстандағы жағдай онымен іргелес отырған елдерге де «жан бітіреді». Ресей, әне-міне, Қазақстанға басып кіргелі отырғанда, Тәжікстанда бүлік шығады. Тәжіктер елдегі Ресейдің әскери базаларын алып тастауды әрі Мәскеудің айтқанынан шықпайтын жүйенің отставкаға кетуін талап етеді.

– Оппозицияға, өз кезегінде, шетелдік исламдық топтар қолдау көрсетеді. Билік бар күшін Душанбені сақтап қалуға жұмсайды. Салдарынан маңызды стратегиялық аймақтар Таулы-Бадахшан облысы, Рашт ауданынан айырылып қалады. Амалы қалмаған Мәскеу Тәжікстанда орналасқан 201-ші әскери базадағы әскерилерді билікке көмекке тартады. Бұл отқа май құюмен тең болады. Ақыр аяғында, Мәскеу антиресейлік идеологиясы шарықтау шегіне жеткен, екі бірдей мемлекеттің қарсылығына ұшырайды, – дейді ол

Сарапшының пікірінше, Қазақстандағы элита бөлінісіне барынша байыпты баға беру керек.

Түрлі-түсті төңкерістердің тәжірибесі көрсеткендей, Батыстан көмек алған демократиялық күштердің көпшілігі өздеріне жүктелген үдеден шыға алмады, уәделерін орындаған жоқ. Егер Орта Азиядағы оппозициялық күштер Ресейге қатысты позициясынан тайматын болса, бұл өңірдегі саяси ахуалды күрделендіре түсетінін ескеру керек, дейді сарапшы

Оның айтуынша, Ресей аймақты тұрақтылықта ұстай алатын рөлге ие. Сондықтан да Кремльдің кейбір ақылға сыйымды әрекетіне қолдау таныту керек. Бұл орайда, Шик Орта Азия, Ресей және Батыс арасында салмақты диалог өткізуді ұсынады.

13476-6-kazahstan_i_rossiya_vz_ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз