Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-1
USD
454
-0.38
EUR
507
-1.47
RUB
5.58
-0.01

Сәләфит, сопы, гүленші… Жай ғана мұсылман болуға болмай ма?

311

Неге тып-тыныш намазды оқып, парыз, сүннетке сай амал қылып жүре бермейміз. Неге топ іздеп тұрамыз?

Ол топқа кіре салып неге келесі топтағы бауырлармен жауласа кетеміз? – дейді журналист.

Орынды айтады. Себебі, әр топтың өкілдері өз жолдарының туралығын дәлелдеу үшін келесі бір топтың өкілдерімен жаға жыртысады. Солай емес пе? Оны өмірдің өзі дәлелдеп отыр ғой.

– Өз жолыңның туралығын өзгеге дәлелдеу не үшін қажет? 2000-жылдардан бергі болған діни алаңдағы қақтығыстар қазағыңның дінге деген маxаббатын өсірудің орнына өшіріп жіберді деп ойламайсың ба?

90-жылдары сақал қойып, сәлде ораған адам көрсе “ассалаумаликум” деп қолын ала жүгіретін қазақ, неге қазір діндарлардан аяғын тартып, секемденіп тұрады?

Бұған кім кінәлі? – деген орынды сауал қояды бұл ретте Есболат Айдабосын.

Журналистің айтуынша, сопы-сәләфит соғысы, сәләфит пен құранидтер қақтығысы, гүленшілермен шарпысу, таблиxтарды тұқырту операциялары біреулер үшін сәтті аяқталған жоспар ғана.

– Иә, солай. Біреулер жеңіп, біреулер жеңілген болар. Жеңгендерді құттықтамаймын, жеңілгенге болыспаймын! Өйткені екі жақта да қызылкеңірдектеніп шауып жүрген өзімнің қарындас-бауырларым. Тек жаным ашиды. Әлі қанша алысасыңдар?! Шаршамадыңдар ма? Менімше, байқұс қазақты сендер шаршатып жібердіңдер! – деген ой түйеді Есболат Айдабосын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз